18 Тамыз, 2013

Ақмола облысында жол апаты бір отбасын түгел құртып кетті

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ДТП-Столкновение-1

 

Тамыздың 16-сы күні Ақмола облысында орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан бір отбасының үш бірдей адамы қаза тапты. Бұл туралы Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға Атбасар-Көкшетау трассасы бойында сағат 12:00 шамасында болған. Онда «Lexus-460» және «ВАЗ-21063» көліктерінің соқтығысқан. Нәтижесінде «Жигулидің» жүргізушісі мен оның жанындағы екі жолаушы тіл тартпай кеткен.

«Жол-көлік оқиғасы Атбасар-Көкшетау автожолының Сандықтау ауданындағы Сандықтау селосына жақын жерде тізгінін Балқашино селосының тұрғыны А.Докаев ұстаған «Lexus-460» маркалы автокөлігінің қатысуымен жасалды. Көкшетау бағытындағы жолмен келе жатқан ол рулінде Атбасар қаласының 1937 жылы туған тұрғыны Д.Каращук отырған «ВАЗ-21063» көлігіне соқтығысуға жол берді», - делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан «ВАЗ-21063» көлігінің жүргізушісі Д.Каращук, оның жолаушылары – 1942 жылы туған әйелі Н.Каращук, 1962 жылы туған ұлы С.Каращук оқиға болған жерде қайтыс болды. ««Lexus-460» көлігінің жүргізушісі А.Докаев дене жарақатымен Сандықтау аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді. Оның жағдайы қалыпты», - дегенді қосы прокуратурада.

Сұлтан Бозайғыр.