Әлем • 09 Наурыз, 2020

БҰҰ жол картасын әзірледі

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҰҰ құжаты теңізге шығар жолы жоқ мемлекеттерге арналған. Бұл елдердің қатарында Қазақстан да бар.

БҰҰ  жол картасын әзірледі

«БҰҰ  теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдер тобына көмек көрсету үшін «жол картасын» әзірлейді.  БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің қатысуымен өткен  ұйымның Нью-Иорктегі  штаб-пәтерінде мәлім болды»  деп хабарлады  Сыртқы істер министрлігінің баспасөз бөлімі.

Кездесуде Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақтыөкілі Қайрат Омаров теңізге шығу мүмкіндігі жоқелдердің  басты қиындықтары туралы айтты.

«БҰҰ-ның жобалары әрбір нақты мемлекет үшінжасалуда, дегенмен көптеген проблемалар трансшекаралық сипатқа ие. Біз теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдер үшін Вена іс-қимылбағдарламасын іске асырудың нақты қадамдарын белгілейтін жол картасын БҰҰ-ның мүдделі субъектілерімен бірлесіп дайындау қажет деп санаймыз»,  деді Қайрат Омаров.

Өз кезегінде  Гутерриш теңізге шығар жолы жоқелдердің проблемаларын еңсерудің шарасы ретінде«жол картасын» құру идеясын қолдады. БҰҰ Бас хатшысы сондай-ақ бұл мемлеккеттердің көлік дәліздерін құру жайындағы бастамаларының маңыздылығын атап өтті.

БҰҰ Бас хатшысының қатысуымен кездесуалғаш рет Қазақстанның төрағалығымен өтті. Кездесуге теңізге шығар жолы жоқ елдердің жаһандық тобына кіретін мемлекеттердің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдері, сондай-ақ БҰҰ Хатшылығының жоғары лауазымды өкілдері қатысты.

Бүгінгі таңда Топтың құрамына 32 мемлекет: Африка континентінің 16 елі, Азиядан 10, оныңішінде Орталық Азия барлық бес мемлекеті мен Ауғанстан, Еуропадан 4 және Оңтүстік Америкадан 2 ел кірді.

Қазақстан әлем мұхиттарынан ең алысқашықтықта (шамамен 3750 шақырым) орналасқанжәне теңізге шығар жолы жоқ әлемдегі ең ірі ел болып табылады.