19 Тамыз, 2013

Қызылордалық полицейлер 2 марихуана алқабын тапты

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Марихуана-1

 

Қызылордалық полицейлер 1 апта ішінде 2 есірткі алқабын анықтады. Олар Шиелі ауданы Бірқазан ауылы маңындағы қалың жыңғыл арасына егілген 417 түп марихуананы тауып, оны еккен күдіктілерді қамауға алды. Бұл туралы «24 kz» хабарлады.

Арал ауданының Жіңішкеқұм елді мекенінен 30 шақырым жерге егілген сора өсімдігі де түгелімен жойылды. Жалпы, жыл басынан бері есірткі затына қатысты 15 іс тіркелген. Оның басым бөлігі «Көкнәр-2013» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында ашылды. «417 түп марихуанаға қатысты 3 азамат ұсталды. Оларға қарсы Қылмыстық кодекстің 262 –бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді облыстық ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бөлім бастығы Гауһар Омарова.

 

Данияр Түймебай.