19 Тамыз, 2013

Петропавл көшесінен снаряд табылды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Снаряд

 

Петропавл қаласынан екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі снаряд табылды. Бұл туралы «Жетінші» телеарна хабарлады.

Бір азамат көшеде кетіп бара жатқан сәтінде, тот басқан жарылғыш затты аңғарады. Арнайы мамандар оның 1939 жылы шығарылған снаряд екенін анықтады. Бұл жарылғыш зат жергілікті әскери бөлімнің сынақ алаңына жеткізіліп, көзі жойылды.

Данияр Түймебай.