Спорт • 10 Наурыз, 2020

Алты жолдама алды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Иорданияда өтіп жатқан Токио Олимпиадасына жолдама бере­тін Азия және Тынық мұхиты аймағы­ның іріктеу турнирі мәресіне таяп келеді. Кеше ширек финалдық жекпе-жектер өтіп, жарыстың жартылай финалына және Олимпия ойындарына жолдама алған бірнеше спортшының есімі белгілі болды.

Алты жолдама алды

Ерлер арасындағы бәсекеде бірінші болып Олимпиада жолдамасын 69 кило салмақта жұдырықтасқан Абылайхан Жүсі­пов иеленді. Жүсіповтен кейін шаршы алаңға көтерілген Әбілхан Аманқұл, 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов (81 кг), Рио Олимпиадасының күміс жүл­де­гері Василий Левит (91 кг) және аса ауыр салмақтағы әлем біріншілігінің күміс жүл­дегері әрі команда капитаны Қам­шыбек Қоң­қабаев та қарсыласын еш қиын­дықсыз жеңіп, Жапонияда өтетін Олимпия ойындарына жолдама жеңіп алды.

Қыздар арасында өнер көрсеткен 19 жас­тағы отандасымыз Надежда Рябец те бапкерлер үмітін ақтап, Олимпиадаға бару құқығын иеленді. Айта кетейік, Рябец 2018 жылы Жасөспірімдер Олимпиа­да­сына қатысып, қола жүлдегер атанған-ды.