«Металдар бағасы да төмендегенін көрсетті. Мырыш бағасы 16%, мыс 12%, темір кені 4%, ферроқорытпалар 1,2% төмендеді. Әлемдік капитал нарықтарында жоғары құбылмалылық байқалуда. Жыл басынан бері америкалық биржа индекстері 14%, еуропалық индекстер 15 %-ға дейін және қытай индекстері 13% төмендеді. Бұл үрдістер сыртқы нарықтардағы жоғары белгісіздікті көрсетеді», деді Министр.
Сондай ақ, Р. Дәленов Қазақстанның кредиттік рейтингі нақтыланғанын атап өтті.
«Халықаралық рейтингтік агенттіктер Қазақстанның дербес кредиттік рейтингін растап, болжам «тұрақты» деңгейде сақталған. Бұл ретте рейтингті Standard and Poor's осы жылғы 6 наурызда, ал Fitch Ratings 21 ақпанда айқындады. Сыртқы халықаралық сарапшылардың пікірінше, рейтинг болжамы елдегі макроэкономикалық тұрақтылық, ішкі сұраныс резервтері және мұнайлық емес сектордың ұлғаюына байланысты болады», - деді ол.