Әлем • 10 Наурыз, 2020

Adidas пен Google жасаған «ақылды» ұлтарақ не істей алады?

771 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған атақты компаниялардың бірлесіп шығарған аяқ киімге арналған мұндай ғажайып алғашқы құрылғысының тұсаукесері бүгін өтпекші. Арнайы датчик футбол алаңында жүрген спортшының іс-қимылы мен дағдыларынан мәлімет жинап отырады. Бұл мәліметтердің барлығы FIFA Mobile симулятор ойынына беріліп, оны жетілдіру үшін пайдаланылмақшы.

Adidas пен Google жасаған «ақылды» ұлтарақ не істей алады?

Ұлтараққа қойылған Google-дың Jacquard датчигі ойыншының жүгіру жылдамдығын, тепкен добының соққысын және алаңдағы допты қадағалай алады. Шынайы өмірдегі футболшының спортшы ретіндегі жетістіктері виртуалды команда мүшесі үшін оның қажеттілігіне жарап, жоғарыда аталған ойынды жақсартуға бағытталады.

Жаңа технология  жаңа жүлделерге ие болып, алдыңғы қатарлы озықтар қатарынан көрінуге септігін тигізеді. Бұл құрылғының біраз бөлігін футбол тауарларын сататын Footy Headlines компаниясы алған екен.

Кәдімгі электрондық құрылғы болғандықтан онда Jacquard Tag чипі орнатылған және қуаттайтын кабелі бар.

Соңғы жаңалықтар