Қоғам • 10 Наурыз, 2020

Нұр-Сұлтан: Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер беріле бастайды

44 реткөрсетілді

Нұр-Сұлтанда 10 наурыздан бастап АӘК алатын отбасылардың 1 мен 6 жас аралығындағы балаларына азық-түлік пен тұрмыстық химия тауарлары беріле бастайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер елорданың 4 ауданындағы "Магнум" ЖШС сауда желісінің 5 супермаркетінде белгіленген кесте бойынша беріледі. Жалпы, мемлекеттік әлеуметтік көмек 4,4 мыңнан аса баланы қамтиды. Олардың ата-аналары осы жылдың қаңтар-ақпан айларында АӘК алу жөнінде өтініш берген болатын. Айта кетсек, 1 мен 6 жас аралығындағы балаларға арналған әлеуметтік көмекке азық-түлік пен тұрмыстық химия тауарлары кіреді.

Бұл жиынтық аз қамтылған отбасыларындағы әр балаға тоқсанына бір рет беріледі. Қазіргі уақытта дүрлікпе мен кезектердің алдын алу мақсатында елордалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау Басқармасы кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер алушылардың тізімін жасады. Әлеуметтік пакеттер ай сайын кесте бойынша беріледі. Әрбір беру пунктінде жауапты тұлғалар бекітілген. Әлеуметтік пакетті алушылар өз ЖСН-ді http://www.magnum.kz/garantirovannaya-socialnaya-pomoshh сайтына енгізіп, тізімде бар-жоғын тексере алады.  Олардың аты-жөні күн сайын алфавиттік тәртіппен жарияланатынын еске саламыз. 

Кестеде азаматтардың кепілдендірілген әлеуметтік пакеттерді қашан және қайдан алуға болатыны және азаматтардың супермаркетің қай филиалына бекітілгені көрсетілген. Көмек алушы тізімнен өзін тапқаннан кейін өзі бекітілген Magnum филиалына баруы қажет.

Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер берілетін "Магнум" сауда желісі супермаркеттерінің мекен-жайлары: Алматы ауданы, Еділ көшесі, 26, Жансүгіров көшесі, 8/1 "Б" литері; Байқоңыр ауданы, Ш. Уәлиханов көшесі, 20; Есіл ауданы, Тұран даңғылы, 55 "Д"; Сарыарқа ауданы, Алаш тас жолы, 23/1. Естеріңізге салсақ, өзінің Жолдауында Мемлекет басшысы мұқтаж жандарды әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етуде еңбекке ынталандыру, әділ әрі таза болуы үшін АӘК-ті тағайындаудың механизмін реттеуді тапсырған болатын. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларының балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет пен АӘК және тұрмысы төмен отбасыларға арналған жаңа жәрдемақыны қосқандағы кешенді жаңа шаралар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда зертханалар саны артады

Оңтүстік Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар