Аймақтар • 10 Наурыз, 2020

Түркістан: Диқандар ағын судан тапшылық көрмейтін болады

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы аумағындағы каналдарды бетондау жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, Жібек жолы және Қабланбек ауылдық округтерін кесіп өтетін ұзындығы 18 шақырымды құрайтын «Қожахан» каналында құрылыс жұмыстары қыза түскен.

Түркістан: Диқандар ағын судан тапшылық көрмейтін болады

Құрылысы өткен жылы шілде айында басталған жобаның жалпы құны – 1,55 млрд теңге. Меншік иесі – «Сарыағаш ауданы су шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі. Құрылысқа жауапты мекеме – «Гидроқұрылыс» ЖШС-ы. «Аудандағы 1300 гектар аумақты ағын сумен қамтитын каналды бетондау жұмыстары биыл желтоқсан айында толық аяқталады. Бұған дейін каналдың су өткізу қабілеті секундына 5 текше метрді құраса, құрылысы біткеннен соң бұл көлем едәуір арта түсетін болады. Бұдан бөлек, канал бетондалғаннан соң 1500 гектар егістік жерді ағын сумен қамтамасыз етіп, су үнемділігі 30 пайызға жетеді», дейді «Сарыағаш су шаруашылығы» ЖШС директорының орынбасары Нұрғали Арызқұлов.

Айта кетелік, Сарыағаш ауданы бойынша 9 мың гектар суармалы жер бар. Бұл көлем жыл санап артып келеді. Осы егістік алқаптарды ағын сумен қамтып отырған ірілі-ұсақты 20 канал бар.