Бұл жағдай Солтүстік Кипрде алғаш рет тіркеліп отыр. Аралға 30 адамнан тұратын туристік топтың құрамында 65 жастағы неміс туристінен коронавирус белгілері анықталған. Қазір науқас ауруханаға жатқызылды, ал ол тұрақтаған қонақ үй карантинге жабылды.
Сейсенбіде Кипрдің Денсаулық сақтау министрі Константинос Иоанну коронавирустың елдегі алғашқы жағдайы туралы ақпаратты растады, екеуі де - шетелден оралған жергілікті тұрғындар. Кипр Еуродақтағы коронавирус жұқтырмаған соңғы ел болған.