Қазақстан • 10 Наурыз, 2020

Көлік салығын төлеу мерзімін ауыстыру ұсынылды

572 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі өзгертіледі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев мәлім етті.

 

Көлік салығын төлеу мерзімін ауыстыру ұсынылды

«Халыққа қолайлы ету мақсатында көлік құралдары салығын төлеу мерзімін ауыстыру қарастырылып отыр. Қазір салық жыл соңына дейін төленеді. Енді келесі жылдың 1 сәуіріне дейін төлеу ұсынылады», - деді вице-министр салық салу мәселелері бойынша заң жобасын таныстыру барысында.

Оның сөзіне қарағанда, азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша жеке табыс салығын есептеу кезінде міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін шегеру қарастырылмаған. Осы орайда шегерімді қолдану және қосарланған салық салуды жою тәртібін нақтылау қажет.

- Науқастарды демеушілік және қайырымдылық көмек есебінен емдеуге жатқызу кезінде науқастарды алып жүретін адамның жол жүру және қоныстануы да осы қаражат есебінен төленеді, - деді вице министр Мәди Тәкиев.

Осыған байланысты, науқастарды да, науқастарды алып жүретін адамды да жеке табыс салығынан босату ұсынылады. Бұдан бөлек, қазіргі таңда банктердің несиелерді кешіруі кезінде корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша жеңілдіктер қарастырылған. Енді ипотекалық ұйымдар үшін де осындай шаралар көзделіп отыр.