21 Тамыз, 2013

Алғашқы алтын – Александрда

295 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осы күндері Қытайдың Нанкин қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан ІІ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын жүлдені иеленді.

Осы күндері Қытайдың Нанкин қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан ІІ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын жүлдені иеленді.

Стенд атудан скит бағ­дарламасы бойынша спорт­шымыз Александр Мұ­ха­мадиев Азия ойындарының чемпионы атанды. Осы сында біздің тағы бір отандасымыз Давид Пошивалов қола жүлдеге ие болды. Ал екінші орынды катарлық Халед Әл-Мунсарри еншіледі. Мұның алдында, яғни Азиаданың алғашқы күні біздің құрама қола медаль алған болатын. Бұл жүлдені дзюдодан 55 килоға дейінгі салмақта сынға түскен Анатолий Дураченко жеңіп алды. Ол соңғы кездесуінде тай спортшысын ұтты.

Қазір біздің қор­жы­ны­мызда 1 алтын, 2 қола медаль бар. Жалпы есепте әзірге бесінші орында келеміз.

Қазақстандық теннис­шілер де ІІ жазғы Азия ойындарын жақсы бастады. Азиаданың алғашқы күні «Team Kazakhstan» ко­ман­дасының өкілдері Дми­трий Попко сириялық Ка­рем Алалафты 6:1,6:2 есебімен ұтса, Роман Хаса­нов катарлық Абдулла Ал­махмоудтан 6:4, 6:0 есебімен басым түсті.

Кеше «Team Kazakhstan» командасының мүшелері Әсия Дайыр мен Анастасия Епишева ширек финалдың жолдамасын сарапқа салды. Жұптық жарыста Әсия мен Дмитрий Попко қытайлық Вонг Чонг пен Юн Хей Ли­ге қарсы ойнады. Тағы бір ақпарат, гандболдан Қазақ­стан қыздар құрамасы ал­ғаш­қы ойынында Таиланд командасын 25:12 есебімен ұтты.

Жасөспірімдер арасын­дағы Азия ойындары алғаш рет 2009 жылы Сингапурде өткен болатын. Содан бері ол Азия олимпиялық кеңесінің туы астында төрт жылда бір рет өтіп келеді.

Биылғы Азиаданың бағ­дарламасында теннистен басқа спорттың 16 түрі қам­тылған. Оған 45 елдің өкіл­дері қатысуда.

Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».

Суретте: Александр МҰХАМАДИЕВ.

Соңғы жаңалықтар

Шайдоров әлемдік БАҚ назарында

Олимпиада • Бүгін, 12:06