![Әзербайжан Парламентін алғаш рет әйел басқарды](/media/2020/03/10/1583835202126672961_1000x669.jpg)
Оның кандидатурасын «Жаңа Әзербайжан» басқарушы партиясы ұсынды, оның өкілдері 9 ақпан күні өткен кезектен тыс сайлауда заң шығарушы органға 125 мандаттың 70-ін жеңіп алды.
Гафарованы қолдап 116 депутат дауыс берді. Айта кеткен жөн, тәуелсіздік алған жылдар ішінде ел Парламентін алғаш рет әйел басқарып отыр.
Бұған дейін Гафарова Милли Меджлистің төртінші және бесінші шақырылымының депутаты болып сайланды. Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясында Әзербайжан делегациясының құрамына кірді.