Соның бірі – ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап шетелдік инвесторлар мен іскер туристер үшін барлық мемлекеттік және қалалық қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік құрылымдардың қызметкерлеріне ағылшын тілін оқыту.
Осы мақсатта Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» КММ-ның ұйымдастыруымен наурыз айынан бастап ХҚКО, денсаулық сақтау мекемелерінің, аудан әкімдіктеріндегі «Фронт-офистердің», «IQala» орталығының қызметкерлеріне (барлығы 118 тыңдаушыға) ағылшын тілі курстары басталды.
Курс шілде айына дейін аптасына үш рет оқытылады. Курс соңында қорытынды тест алынып, сертификат беріледі.