Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысына әлемдегі заманауи қауіп-қатерлерді ескере отырып, Қарулы Күштерді қалыптастырудың және дамытудың тұжырымдамасын пысықтау, сондай-ақ, қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді, әскери техникаларды инвентаризациялау және тексеру жұмыстары туралы баяндалды. Нұрлан Ермекбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің геосаяси және экономикалық бағыттағы сын-қатерлерді мониторингілеу бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары, халықаралық әскери ынтымақтастық мәселелер туралы айтты. Сонымен қатар еліміздің Қарулы Күштерін тиімді басқаруды жақсартуға және қорғаныс қабілетін арттыруға негізделген заң жобасын дайындау жайында мәлімет берді. Мемлекет басшысы Қарулы Күштердің, оқ-дәрі қоймаларының, полигондар мен әскери қалашықтардың инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстарын жүргізуге баса мән берді. Кездесу қорытындысы бойынша Жоғарғы Бас қолбасшы Қорғаныс министріне әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын көтеруге және әскери кадрларды дайындау сапасын арттыруға, сондай-ақ, әскери тәртіпті күшейту шараларын қабылдауға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Жолаушыларды тасымалдау жүйесі сақтандыру талаптарына сәйкес келмейді - депутат
Қоғам • Бүгін, 13:37
Танымал актриса Лос-Анджелестегі үйінде өртеніп кеткен
Әлем • Бүгін, 13:25
Президент Abu Dhabi Ports Group бас директорымен кездесті
Президент • Бүгін, 13:11
Ерлан Саиров ең төменгі еңбекақыны көтеруді ұсынды
Қаржы • Бүгін, 13:10
Асылбек Нұралин Мәжіліс депутаты ретінде ант берді
Тағайындау • Бүгін, 13:00
Ақмола облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:45