Аймақтар • 11 Наурыз, 2020

Суқоймалар қатаң бақылауда

629 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қайбір жылы Шардара ауданы, Сүткент елді мекеніндегі Сырдария өзені жағасындағы қорғаныс дамбасын тасқын су шайған болатын. Жауапты мекемелер ондай жайттың биыл қайталанбайтынын айтуда. Облыс аумағында су тасқыны жағдайы Сырдариямен тікелей байланысты болғандықтан қатаң бақылауға алынған. Бүгінгі таңда Сырдария өзенінің төменгі ағысына секундына 66 текше метр су жіберілуде. Өзен арнасында судың ағысы қалыпты, жағалаудағы елді мекендерге қауіп жоқ.

Суқоймалар қатаң бақылауда

– Түркістан облысы аума­ғында суқой­мала­р­дағы жағ­дай қалыпты, тұрақты бақылауда, – деді Төтенше жағ­дайлар депар­­таментінің басшысы Нұр­­ғали Жүнісов. Жал­пы, облыс бойынша суқой­малардың ор­таша толуы 45-50%-ды құ­райды. Об­лыста болуы мүм­кін тө­тен­ше жағдайдың алдын алу іс-шаралары дер кезінде және сапалы орындалуда. Суқоймалар мен өзендерге күнделікті мониторинг жүр­гізілуде. «Бүгінде Шар­да­ра су қой­масында – 4185 млн текше метр су бар, толуы – 80%, шы­ғып жатқан су көлемі – секун­дына 400,5 тек­ше метр. Ал Көксарай су рет­те­гішінде жиналған су қоры – 1061,88 млн текше метр, толуы 35%-ды құ­­рап отыр», деді департамент бас­тығы.

Өңірде орналасқан  40 суқойманың 18-і рес­пуб­ликалық, 17-сі қала, аудандық ком­муналдық мен­шікте болса, 5-еуі же­ке­­мен­шік иелігінде. Яғни қа­рау­сыз қалған суқой­малар жоқ. Сырдария өзе­нінен бас­тау алатын ка­нал­­дардың бас тоспасы бе­кі­тілген. Қапталған 53 тон­­на құм, 584 шатыр, 4622 кереует, 36 мың адамға ар­нал­ған төсек-орын дайын­далған. Сондай-ақ облыс аумағындағы өзендердің 26,9 шақы­рымына жаға бекі­ту және арна түзеу жұ­мыс­тары жүргізілсе, 29,9 ша­қырым қорғаныс дамбасы тұрғызылыпты. Арық-атыз­дардың арнасы, канал­дар да та­зар­тылған. Ал Шар­дара суқоймасында жүр­гізіліп жатқан сейсми­калық тө­зім­­ділікті күшей­ту және жөн­­деу бойын­ша ауқым­ды жұ­мыстар­ды аяқ­тау келер жыл­дың жел­тоқ­санына жоспарлан­ған.

 

Түркістан облысы

 

Соңғы жаңалықтар