Спорт • 11 Наурыз, 2020

Олимпиадаға үш жолдама жеңіп алды

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тректегі велоспорттан Қазақстан құрамасы төртжылдықтың басты додасына үш жолдама жеңіп алды, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

Олимпиадаға үш жолдама жеңіп алды

Токио Олимпиадасына ел құрамасынан үш санат (спринт, омниум, кейрин) бо­йынша екі спортшы бақ сынайды. Төртжылдықтың басты додасына баратын спортшылар тізімін Қазақстан велоспорт федерациясы кейінірек ұсынады.

Айта кетерлігі, спринт бойынша Қазақ­стан тарихи жолдамаға қол жет­кізіп отыр. Себебі осы уақытқа дейін қазақ­стан­дық спортшылар аталған санат бойынша Олим­пия ойындарына қатыспаған. Қазақ­стан құрамасына тиесілі жолдаманы алу жолында Артем Захаров пен Сергей Поно­маревтің көп еңбегі сіңді. Аталған спортшылар Берлинде өткен әлем чемпионатында үздік ондыққа ілінген болатын.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасында Токиода өтетін жазғы Олимпия ойындарына 41 лицензия бар.