Теннис • 11 Наурыз, 2020

Рейтингте төмендеді

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисшілер Юлия Путинцева мен Зарина Диас Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңарған рейтингінде орындарын сақтап қала алмады.

Рейтингте төмендеді

Юлия Путинцева өткен айдағы рейтингпен салыстырғанда бір саты төмен сырғып, 33-орынға жайғасты. Ал Зарина Диас екі орынға төмендеп, 63-орынға тұрақтады. Биылдан бас­тап еліміздің бірінші ракеткасы атанған Елена Рыбакина бұл рейтингте орнын сақтап қалды. Қазіргі таңда ол рейтингте 17-орында тұр.

Әлемдік рейтингтің көшін аустралиялық Эшли Барти бастап тұр. Екінші орында румын қызы Симона Халеп болса, үздік үштікті чехиялық Каролина Плишкова түйіндеді.