Әлем • 11 Наурыз, 2020

Түркияда коронавирус инфекциясы тіркелді

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияда коронавирус жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа мәлімдеді деп хабарлайды Anadolu Agency.

Түркияда коронавирус инфекциясы тіркелді

«Бүгін кешке коронавирус жұқтырды деген күдік бойынша еліміздің азаматына тест жасалды. Тест оң нәтиже көрсетті», - деп хабарлады министр.

Министрдің айтуынша, вирус жұқтырған ер адам жақында ғана Еуропадан саяхаттан оралған. Коджа қазіргі уақытта пациент карантинге жатқызылғанын атап өтті. Оның денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде деп бағаланған.

Сондай ақ, науқастың отбасы мүшелері және науқаспен байланыста болған адамдар бақылауға алынды.