Бұл туралы халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 10 ақпан күні түнде ресми мәлімдеме жасады.
IJF күнтізбесіндегі соңғы өзгертулерде «Олимпиадалық цикл 30 маусымға дейін созылды; Құрлықтық жарыстар 30 сәуірге дейін өтпейді; Жасөспірімдер мен жастар арасындағы турнирлер 30 сәуірге дейін өтпейді», - делінген.
Айта кетерлігі, бұған дейін IJF сәуір айында болуы тиіс рейтингілік «Grand Slam» және Гран-при кезеңдерінің өтпейтінін хабарлаған болатын. IJF ережесіне сәйкес Олимпиадалық рейтинг 30 мамырда жабылуы тиіс еді.