21 Тамыз, 2013

Тарландар «темір тұлпарлар» мінді

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде облыс жұртшы­лығының төрттен бірі спорт және дене шынықтырумен тұрақты айналысып, саламатты өмір салтын серік еткен. Олардың арасында Қызылжар өңірінің 295 айтулы спортшысы ұлттық құрама сапында ел намысын қорғап, байрақты бәсекелерде 200-ден астам медаль еншілеген.

Бүгінде облыс жұртшы­лығының төрттен бірі спорт және дене шынықтырумен тұрақты айналысып, саламатты өмір салтын серік еткен. Олардың арасында Қызылжар өңірінің 295 айтулы спортшысы ұлттық құрама сапында ел намысын қорғап, байрақты бәсекелерде 200-ден астам медаль еншілеген.Биыл мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «Үміт» арнайы клуб және Лондон Жаз­ғы олимпиадасының чем­­­­пионы Александр Вино­куров атындағы велоклуб ғима­раттары пайдалануға берілді. Енді 1 мың орынды мұз айдыны мен жеңіл атлетика манежі бар спорт кешенін салу көзделіп отыр.

Өңір басшысы Самат Ескендіров спорт саласын дамытуға зор үлес қосып жүрген бір топ жерлестерімізді қабылдап, түрлі сый-сияпат көрсетті. Солардың бірі –велоспорттан әлем чемпионы Алексей Луценконың жаттықтырушысы, спортқа дарынды балаларға маман­дандырылған мектеп-интер­наттағы велоспорт бөлімшесінің аға жаттықтырушысы Вик­тор Потаповқа және А. Ви­но­куровтың жеке жаттық­тырушысы, оның атындағы велоспорт клубының директоры Сергей Кручинаға су жаңа «Skoda Octavia» жеңіл көлігінің кілттерін салтанатты түрде табыс етті. «Үміт» клубының директоры Вячеслав Латышев арнайы жабдықталған «ГАЗель» автокөлігіне ие болды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».