Бұл мәселе бойынша Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы, депутат Нұртай Сабильяновқа сөз берілді.
«Аталған заң жобасы ҚР Парламентінің депутаттары бастамасымен әзірленді. Заң жобасы байланыс объектілерін салу кезінде жер учаскілерін ресімдеуге рұқсат беруді оңайлатуға, ауылдық елді мекендерді кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету үшін байланыс операторларының телекоммуникациялық инфрақұрылымға қол жеткізу мүмкіндігін беруге бағытталған. Заң жобасы 2 кодекске және 2 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Комитет осы заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2020 жылдың 24 маусымына дейін қорытынды әзірлеуге дайын», деді Н. Сабильянов.