«Аталған заң жобасы Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын орындау мақсатында әзірленді. Құжаттың негізгі мақсаты – азаматтардың бейбіт және қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттер өткізуге конституциялық құқықтарын іске асыру, сондай-ақ елді мекендердегі арнайы орындарды анықтау», - деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Оның айтуынша, заң жобасы қабылданған жағдайда ол қоғамдық-саяси тұрақтылыққа оң әсерін тигізеді. Комитет заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2020 жылғы 27 қарашаға дейінгі мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын.