Әлем • 11 Наурыз, 2020

Ұлыбританияның Денсаулық сақтау министрінен коронавирус анықталды

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады.

Ұлыбританияның Денсаулық сақтау министрінен коронавирус анықталды

Ұлыбританияның Денсаулық сақтау министрі Надин Доррис коронавирусты жұқтырған Парламенттің алғашқы мүшесі. Вирус анықталғаннан кейін барлық ұсынылған сақтық шаралары қабылданды. Қазір Доррис үй жағдайындағы карантинге алынған.

Министрдің сөзінше, өзімен бір үйде тұратын 84 жастағы анасының денсаулығына алаңдаулы екенін жеткізді. Сейсенбі күні Дорристің анасынан да аурудың белгілері байқала бастаған.

Денсаулық сақтау министрлігі Дорристің ауру белгілері бейсенбі күні пайда болғанын мәлімдеді.  Сол күні ол Даунинг-стрит шарасында болған. 

Еске сала кетейік, бүгінге дейін Ұлыбританияда вирустан алты адам көз жұмды. Осылайша, ауырғандар саны 382 адамға жетті. Олардың ішінде Англияда 324 адам мерт болды, Шотландияда - 27, Солтүстік Ирландияда - 16 және Уэльсте 15 адам. Сыртқы істер министрлігі Ұлыбританияға Италиядан келгендердің барлығына 14 күнге өзін-өзі оқшаулауға кеңес берді.

Соңғы жаңалықтар