Петропавл қаласының іретасы қаланған күн жұртшылықтың белсене қатысуымен атап өтілді. Мерекелік шеру Қарасай батыр атындағы стадионда басталып, жергілікті театр әртістерінің ойын-сауық бағдарламасымен ашылды.
Петропавл қаласының іретасы қаланған күн жұртшылықтың белсене қатысуымен атап өтілді. Мерекелік шеру Қарасай батыр атындағы стадионда басталып, жергілікті театр әртістерінің ойын-сауық бағдарламасымен ашылды.Шаһардың бұрынғы өмірінен сыр шертетін көріністер әсем жарасым тапты. Той-думан одан әрі демалыс және мәдениет саябағында жалғасып, бүлдіршіндер Алатаудың баурайынан келген Қазақ мемлекеттік циркі мен Мұтырғановтар әулетінің өнерлерін қызыға тамашалады. Орталық көшелерде сап түзеп өткен спортшылар, велосипедшілер, өнер ұжымдарының шеруі ұмытылмас әсер қалдырды. Мерекелік шаралардың бірі – ресейлік әншілердің «ХХI ғасыр тенорлары» арт-жобасын тамашалаушылар қатары қалың болды.
С.Мұқанов атындағы кітапхана алдында қаланың үздік шахматшылары күш сынасса, тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері ашық аспан астында көрме ұйымдастырды. Көкшетау, Павлодар, Ресейдің Қорған қалаларының көркемөнерпаздары «Біз саған ән саламыз, Петропавл!» концерттік бағдарлама, ал жергілікті жастар флеш-моб ұсынды. Пестрое көлі жағасында орналасқан «Солтүстік жұлдызы» саябағына он мыңдай адам жиналып, түрлі мәдени, спорттық сайыстарды қызықтады.
Петропавл қаласы күніне арналған мерекелік шара отандық эстрада жұлдыздарының концертіне ұласып, файер шоу және отшашумен аяқталды.
Солтүстік Қазақстан облысы.