5 наурыз күні таңертең жергілікті тұрғындардың бірі Ақмешіт үңгірінде тапшандар мен үстелдердің өртенгені туралы полицияға хабарлаған. Сондай-ақ ол бұзақылардың үңгірдегі қазандар мен самаурынды және басқа да заттарды ұрлап кеткенін айтқан.
Келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгеден асады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап, күдіктілерді іздестіруде.
Айта кетейік, Ақмешіт үңгірі Түркістан облысы Бәйдібек ауданында орналасқан. Жыл сайын мұнда 70 мыңнан аса турист келеді.