2013 жылғы 21 маусым, Астана, Үкімет Үйі
Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын бекіту туралы
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 30) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметов.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 маусымдағы №642 қаулысымен бекітілген
Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзірленді және техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) жеткізуші – энергия объектісін және (немесе) оның құрылымдық бөлігін монтаждау, іске қосу және пайдалану тәртібі туралы ақпаратқа ие энергия объектісін және (немесе) оның құрылымдық бөлігін өндіруші немесе жеткізуші;
2) жобалаушы – техникалық жарақтандыру жобасын әзірлеген тұлға;
3) жасырын жұмыстарды куәландыру актісі – техникалық жарақтандыру бойынша барлық жұмыстар кешені аяқталғаннан кейін орындалғанын нақтылы тексеруге болмайтын жұмыстардың куәландырылғанын растайтын құжат;
4) қабылдау комиссиясы – энергия объектісінің әзірлігін белгілейтін және құжаттамалық растайтын және энергия объектісін пайдалануға қабылдайтын уақытша алқалы орган;
5) мердігер – тапсырыс берушімен жасалған мәміле негізінде техникалық жарақтандыру бойынша жұмыстарды жүзеге асыратын тұлға;
6) техникалық жарақтандыру – жұмыс істеп тұрған электр станцияларын, электр және жылу желілерін энергия объектілерімен жарақтандыру не жұмыс істеп тұрған электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін ауыстыру;
7) тапсырыс беруші – электр станцияларын, электр және жылу желілерін пайдаланатын тұлға;
8) энергетикалық объект (энергия объектісі) – электр энергиясын өндіретін, беретін және (немесе) тұтынатын объект.
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын басқа ұғымдар «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған ұғымдарға сәйкес қолданылады.
4. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес пайдалануға қабылданған энергия объектілеріне қолданылмайды.
2. Қабылдау комиссиясын қалыптастыру тәртібі, оның құрамы және өкілеттіктері
5. Техникалық жарақтандырудан кейін энергия объектісін пайдалануға қабылдап алуды қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.
6. Бір қабылдау комиссиясына өзара техникалық байланысты және бір облыста, республикалық маңызы бар қалада немесе астанада орналасқан бірнеше энергия объектілерін қабылдауға жол беріледі.
7. Қабылдау комиссиясына міндетті түрде тапсырыс берушінің, мердігердің, жобалаушының, техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаның (болған кезде), энергия объектісінің орналасқан жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың жергілікті атқарушы органының, мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі мемлекеттік органның, өртке қарсы мемлекеттік қызметтің, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің өкілдері кіреді.
8. Қабылдау комиссиясының құрамына қосымша мыналар кіреді:
1) олардың міндеттемелері немесе қабылдау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі болған жағдайда жеткізушілердің өкілдері;
2) электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу кезінде жүйелік оператордың өкілі;
3) осы тармақтың 2)