75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әбілхан Аманқұл финалда филиппиндік Эумир Марсиальдан ұтылды. Тәжірибелі филиппиндік спортшы үш раунд бойы басымдық танытты.
Тартысты өткен айқаста төрешілер филиппиндік боксшы отандасымыздан бір бас жоғары өнер көрсетті деп бағалады. Айта кетелік, Марсиаль былтырғы әлем чемпионатында Тұрсынбай Құлахметті де ұтқан болатын.