Бокс • 12 Наурыз, 2020

Бокс: Василий Левит қоржынға екінші алтынды салды

607 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Амманда өтіп жатқан бокстан Олимпиада ойындарына іріктеу турнирінде қазақстандық Василий Левит жеңіске жетті деп хабарлайды Olympic.kz.

Бокс: Василий Левит қоржынға екінші алтынды салды

91 келіде сынға түскен Левит финалда Жаңа Зеландия өкілі Давид Ниикамен кездескен болатын. Тартысты өткен кездесудің бірінші кезеңінде 4:1 есебімен қарсылас боксшы басым түсті.

Кейін Левит тізгінді өз қолына алып, 5:0 есебімен алға шықты. Шешуші раундта төрешілер Василий Левиттің мықтылығын мойындап, жеңісті қазақстандық спортшыға берді.

Еске сала кетейік, бұл Қазақстан қоржынындағы екінші алтын медаль. Бокстан Қазақстан ерлер командасы Аммандағы іріктеу турнирінен 7 медаль еншілеп отыр.  Бекзад Нұрдәуелтов (81 келі) пен Василий Левит (91 келі) алтын жүлдегер атанса, Зәкір Сафиуллин (63 келі) мен Әбілхан Аманқұл (75 келі) күмісті қанағат тұтты.  Серік Теміржанов (57 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі) қола жүлдегерлер қатарында. 

Соңғы жаңалықтар