Аймақтар • 12 Наурыз, 2020

Түркістан: 57 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылды

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында 610 мемлекеттік орган, яғни 449 жергілікті атқарушы және 161 орталық органдардың аумақтық департаменттері жұмыс істейді. Ал мемлекеттік лауазымдар саны – 7061, дегенмен 457 орын бос тұр немесе өңірдегі жалпы штаттың 6,4%-ы бос лауазымды құрайды. Облыстағы қызметшілердің орташа жасы - 39,7 жас.

Түркістан: 57 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е.Ермаханбетов қызметшілердің 93,5%-ы жоғары білімді екенін айтып өтті. Ал департамент басқармасының басшысы Н.Шынтаевтың айтуынша, бүгінде 10 - «Болашақ» бағдарламасының, 24 - Мемлекеттік басқару академиясының түлегі, 425 - орта және арнаулы орта білімі бар қызметшілер халыққа қызмет көрсетуде.  Мемлекеттік қызметтегілердің 1755-і нәзік жандылар.

Департамент қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, Әдеп жөніндегі кеңестер мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді. «Өткен жылы Әдеп жөніндегі кеңесте қаралған 88 тәртіптік істің 34%-ы себепті қысқартылған. Жыл қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесте 88 тәртіптік іс қаралып, нәтижесінде 57 қызметші әртүрлі тәртіптік жазаға тартылды» - деді департамент басшысының орынбасары Е.Ермаханбетов.

Соңғы жаңалықтар