Футбол • 12 Наурыз, 2020

Футбол: Мерсисайдтықтардың меселі қайтты

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

УЕФА чемпиондар лигасының ширек финалына берілген жолдамаға Мадриттің «Атлетикосы» ие болды.

Футбол: Мерсисайдтықтардың меселі қайтты

Алғашқы ойын нәтижесі испандықтардың пайдасына жазылғанына қарамастан Ливерпуль жанкүйерлері қарымта кездесуде Диего Семеоне жігіттері «Барселонаның» былтырғы күйін кешеді деп жарыса жазды.

Естеріңізге сала кетейік, Ливерпуль  былтырғы жылы Каталонияда 3:0 есебімен Барселонаға есе жібергенімен өз жерінде 4:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Сол жылы УЕФА кубогін иеленген болатын. Сол үміттің жетегінде жүргендер Юрген Клопп Зиданның ерлігін қайталап, екі мәрте кәрі құрлықтың бас бәсекесінде жеңімпаз атанады деп күтті. Алайда топтық кезеңнен іркілмей шыққан мерсисайдтықтардың азуы Мадриттің «Атлетикосына» бата алмады.  Ойынның бірінші кезеңі аяқталар шақта Джорджиньо Вейналдум салған доп «Ливерпульді» жігерлендіргендей болды. Дегенмен ойынның негізгі кезеңі 1:0 есебімен аяқталып, ойын қосымша 15 минуттан тұратын 2 таймға жалғасты. Қосымша уақытта Фирмино есеп ашқанда ағылшын ертегісі жалғасын тапқандай болып еді.  Алайда Льорентенің қос голы мен Мораттаның мергендігі ағылшындарды жарыстан тыс қалдырды.  Қорытынды есеп 2:3. «Атлетико» жеңіске жетті.

Юрген Клоп жігіттері бұған мұңая қоймас. Себебі араға 30 жыл салып, барлық Ливерпуль жанкүйерлерінің арманы АПЛ чемпионы атағын алуға аз қалды.

Бөлтірік Нұртай,

журналист