Аймақтар • 12 Наурыз, 2020

Маңғыстауда Амал мерекесін тойлау кейінге шегерілді

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев «Қоғамдық коммуникация орталығында» өткен брифингте мәлімдеді.  

Маңғыстауда Амал мерекесін тойлау кейінге шегерілді

11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 жаңа коронавирустық инфекция пандемиясын жариялады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөнінде нақты міндеттер қойды. Осыған орай, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов БАҚ өкілдеріне арнайы брифинг өткізіп, қабылданған шаралар туралы хабардар етті.

Үкімет қабылданған  шешімге  сәйкес, 13-14 наурыз күндері «Адай Ата – Отпан тау» рухани тарихи-мəдени кешенінде өтетін шара кейінге шегерілді. Шарада  киіз үйлер тігіліп, 5 000-ға жуық адам жиналатындықтан, түрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осындай шешім қабылданды.

-Амал мерекесі – татулықтың, келісімнің мейрамы. Ең бірінші кезекте адамның денсаулығы маңызды екенін біз түсінуіміз керек. Сондықтан ойымыз бір жерден шығып, ауызбіршілігімізді көрсетейік. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, деді сөз соңында Қ.Жұмашев.

Аймақтағы адам көп жиналатын мәдени шаралардың барлығы тоқтатылды.