![Сарығаштың құлпынайы сәуірде піседі](/media/2020/03/12/58b11b44-5899-4c5c-96d5-e7e5391d9edf.jpeg)
Былтырғы жылы қожалық бас-аяғы 150 тонна өнім алған. Өндірілген өнімді Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Тараз қалаларымен қатар, көршілес аудандарда саудалапты. Сәуір айында алғашқы өнімін бере бастайтын құлпынай алқабында қазір 30-ға жуық жергілікті ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылған. «Біз көп іздендік. Шетелдерге шығып, Сарыағаш ауданының климатына қолайлы сорттарды әкелдік. Өткен жылы жалпы құны – 50 млн теңгені құрайтын жоба аясында 18 гектар жерге тамшылатып суару әдісін ендірдік. Бұл жоба толық іске асса, жылына 350 тонна өнім алуға болады. Сондай-ақ, 45 адамды жұмыспен қамтитын боламыз», – дейді қожалық төрағасы А.Шымбергенов.
Алдағы жылдары қожалық құлпынайды жылыжайда өсіріп, 6 ай бойы өнім алуды жоспарлап отыр.