Аймақтар • 13 Наурыз, 2020

Омарташы отбасы

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылының тұрғыны Мәлік Айтымбетов 70 жәшік бал арасын ұстайтын омарташы ретінде де ауылға аты мәлім азамат. Бұл іспен айналысқанына 7 жыл болған. Бүгінде отағасы 9 ұл-қыздың әкесі.

Омарташы отбасы

Осы ұл-қыздарының несі­бе­сі ота­ға­сының кәсібін дамыта, та­бысын арттыра түсуге септі­гін тигізіп отыр. Атаулы әлеуметтік көмек алған отбасы омар­та­шы­лыққа қажетті құрал-сай­мандарды түгендеген. Яғни Үкі­меттен 9 балаға берілген 1 млн 498 мың теңге атаулы әлеу­меттік көмекті отбасы ойла­са келе бал жинайтын құ­рал­дар, омарта жәшіктерін және оны көшіруге тіркеме сатып алуға жұмсапты.

«Біз ауыл­да­ғы үлкен отбасы саналамыз. Алланың берген 9 ұл-қызы бар. Солардың несібесіне былтыр атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Құжатты дер кезінде дайындап, жергілікті әкімдікке өткіздік. Көп ұзамай қомақты қаржыға қол жеткізіп, өзімнің шаруашылығыма қа­жет­ті бар керек-жарақты сатып ал­дым. Бүгінде сол арқылы бал­дың 10 түрін өндіріп жатырмын» дейді Мәлік Айтымбетов.

Ал «Алтын алқа» иегері Нағима Айтымбетова жуырда бала күтімінен босап, бір мекемеге таз­алаушы болып орналасыпты. Айлық жалақысы – 40 мың теңге. Омарташылықты кәсіп еткен отбасының тұңғышы Нұр-Сұлтан қаласындағы бір жоғары оқу орнында оқиды. Көп балалы от­басы енді омарташылықты кеңей­тіп, бал арасы жәшіктері орна­ласқан тіркемелерді таситын жүк көлігін сатып алуды мақ­сат етіп отыр.

 

Түркістан облысы