21 Тамыз, 2013

Алматыда волейболдан Президент Кубогы сарапқа салынады

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Волейбол-Караганда-2

Алматыда 26-31 тамыз күндері волейболдан ерлер командаларының арасында Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы үшін халықаралық өтеді.

Оған Қазақстан, Түркия, Ресей, Бахрейн, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Иран командалары қатысады.

Осы турнир басталар алдында 25 тамызда сағат19.00-де қалыптасқан дәстүр бойынша, Қазақстан волейбол федерациясының бас хатшысы Ермек Сырлыбаев, бас төрешілер мен барлық ұлттық құрамалардың жаттықтырушылары қатысатын баспасөз мәслихаты өтеді.

Баспасөз мәслихатының өтетін орны: "Отырар" қонақ үйі, Гоголь көшесі, 73.

Аккредитацияға қатысты сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуларға болады: + 7 (701) 386 39 29,   + 7 (707) 55 888 10 – Шынар Тәжібаева.

Дастан Кенжалин.