«Туристерге арналған барлық экскурсиялар тоқтатылды, ғимаратқа дезинфекциялық сұйықтықтары бар қондырғылар орнатылды. Инфекцияның таралу қаупін азайту бойынша барлық шара қабылдануда. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бүгін БҰҰ штаб-пәтерінде 16 наурыздан бастап сәуір айының соңына дейін барлық сайд-ивенттерді (ілеспе іс-шараларды) алып тастады.
Хатшылықтың қызметкерлері аптасына үш күнге дейін (ауруға жоғары қаупі бар адамдарға - 5 күнге дейін) қашықтықтан жұмыс істеу режіміне көшті. БҰҰ ұйымдарының көптеген ресми отырысы қысқартылған режімге көшеді немесе қашықтан өтеді.
Ұлыбритания, Дания, Канада, Швейцария, Жаңа Зеландия, Ирландия, Бразилия, Фиджи, Мальта, Норвегия, Парагвай, Словакия, Аустралия, Кирибати және басқа да елдердің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдіктері өздерінің офистерін жауып, толығымен қашықтан жұмыс істеу режіміне өтті» деп жазды ол.