21 Тамыз, 2013

Елімізде 52 тонна құс еті сатылымнан алынды

500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мясо

Еліміз нарығынан сапасы сын көтермейтін 52 тонна құс еті сатылымнан алынды. Бұл туралы мәлімдеген Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегіне сүйеніп, «24 kz» хабарлады.

Бұл өнімдерді шет ел импорттаған. Әрі сақтау мерзімі көрсетілмеген және сараптама жүргізген сәтте аталған өнім құрамынан ішек инфекциялары табылды. Сол себепті шетелдік кәсіпкерлер төмен бағамен импорттаған екен. Мамандардың дәлеліне жүгінсек, шет елден жеткізілетін құс еті жіті тексеруден өткізілмей жатыр. Оның басты себебі – тағам жарамдылығын бақылайтын қызметкерлер саны жеткіліксіз.

Данияр Түймебай.

Соңғы жаңалықтар