21 Тамыз, 2013

Регби: Кезекті тур Астанада өтеді

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Регби-1

Үстіміздегі жылғы 22-24 тамыз аралығында Астанада ерлер командалары арасындарегби 7-ден Қазақстанның ашық чемпионатының IV туры өтетін болады. Бұл туралы қалалық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жарыстың ашылу салтанаты 22 тамыз күні сағат 12:00-ге жоспарланып отыр. Алойындардың өзі күн сайын сағат 10.00-ден бастап «Достық» спорт кешенінің алаңында, яғни Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда өтеді.

Чемпионатқа «Динамо-СКР Алматы», ПРК «Олимп» (Талдықорған), «Динамо» (Шымкент), ВКС – №1 ОРБЖСМ (Алматы), «Каспий» (Ақтау), №2 БЖСМОР (Алматы), Қостанай облысының ІІД, «Қарасай Еуразия Спорт» (Қаскелең), «Барыс» (Жамбыл облысы), «Университет» (Павлодар) және елордалық «Астана» командасы қатысады.

Регби-7 Қазақстан чемпионаты 17-20 мамыр күндері Алматыда басталды. Қазір турнир кестесінде «Динамо-СКР Алматы» (Алматы) 63 ұпаймен алда келеді. Одан кейін Талдықорғанның ПРК «Олимп» командасы 57 ұпаймен екінші орында тұрса, «Астана» клубы 49 ұпаймен үшінші орынды иеленіп отыр.

Дастан Кенжалин.

Соңғы жаңалықтар

Шайдоров әлемдік БАҚ назарында

Олимпиада • Бүгін, 12:06