Футбол • 13 Наурыз, 2020

УЕФА еурокубок ойындарын тоқтатуы мүмкін

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Наурыздың 10-12-ші жұлдызында өткізілген УЕФА аясындағы ойындар биылғы маусымның соңғы матчтары болуы әбден мүмкін.

УЕФА еурокубок ойындарын тоқтатуы мүмкін

Әлемді жайлап бара жатқан COVID-19 вирусы зиянын футболға да тигізді. Алғашқы уақытта жұқпалы дертке шалдығып қалмау мақсатында барлық ойынды жанкүйерлерсіз өткізуге шешім қабылданған болатын. Алайда «Ювентус» ойыншысы Даниель Ругани дертке шалдықты деген ресми ақпарат алдағы уақытқа жоспарлаған УЕФА Чемпиондар Лигасы мен Еуропа лигасының кездесулерін  аз дегенде бір айға шегеретін болды. Бұл – кәрі құрлықтың бас додасын теледидар алдында телміріп көретін жанкүйерлерге жағымсыз жаңалық.  Сонымен, футбол жанкүйерлері назарын бір уақыт ел біріншілігіне бөле тұруға тура келеді.

Құрамы 55 мүшеден тұратын УЕФА ұйымның бастауымен 17 наурыз күні видеоконференция өтеді. Сол жиында УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы және екі жылда бір келетін ЕУРО-2020 бәсекесінің алдағы уақыттағы тағдыры шешілмек.

Бөлтірік НҰРТАЙ,

журналист