«Қазіргі күнде жалпы топтардың ішінде 1786 азамат мониторингке алынған. Олардың арасында 1А тобында карантинге 1270 азамат жатқызылды. 1Б санаты бойынша 268 азамат үйлерінде оқшауланған. Ал екінші категория бойынша 248 азамат үйлерінде медициналық қызметкерлердің бақылауында», деді Денсаулық сақтау министрі.
Е. Біртановтың мәлімдемесіне сәйкес, жалпы өткен тәулік бойынша 361 азамат мониторингте болған.
Осыған дейін елімізде коронавирус жұқтырған үшінші адамның анықталғаны мәлім болды.