Акция аясында кәсіпкерлерге «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңнама талаптарын сақтауға қатысты жұмыстар іске асырылуда.
Сондай-ақ қала әкімдігі тарапынан мемлекеттік тілдегі сыртқы жарнаманың сауаттылығына басты назар аударылады.
Қате жарнамалар мен маңдайшалардағы жазбаларға қатысты күнделікті Ikomek109 қызметі арқылы қабылданған қала тұрғындарының өтініштері қарастырылып, тиісті шаралар іске асуда. Акцияға аудан әкімдіктерінің қызметкерлері, Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы, Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы тарапынан арнайы жасақталған сарапшылар тобы, жергілікті учаскелік инспекторлар жұмылдырылды.