Отырысты ашқан ол алдымен короновирусқа қарсы мемлекетімізде жасалатын сақтық шаралары туралы айтты. Соның ішінде мектеп оқушыларының 16 наурыздан бастап каникулға шығатындығы, ЖОО-лар мен колледждердегі оқулар онлайн режімге көшірілетіндігі, Наурыз мейрамын атап өту жылдағыдай көшелерде болмайтындығы, музейлерге экскурсиялар жасалмайтындығы және т.б. айта келіп ол: «Қазақстанда ешқандай короновирус жоқ. Мұның бәрі алдын алу шаралары. Қазақша айтқанда «сақтықта – қорлық жоқ» деген талаптың орындалуы. Сондықтан ешқандай дүрбелеңге, алып қашпа сөздерге жол берілмесін», деп қатаң ескертті. Сонымен бірге ол бағаны еш негізсіз арттырудың жолдары кесілетіндігін де атап айтты. «Барлық сауда жүйесі бағаны негізсіз шарықтатуға қарсы құрылған штабтың назарында болады», деді әкім.
Үстіміздегі жылдың екі айының қорытындыларына қарағанда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы қалыпты жағдайда екендігі көрініп тұр. Облыс әкімдігінің экономика басқармасының бастығы А.Қазбековтың баяндамасына қарағанда даму өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 102,6 пайыз болған. Соның ішінде тұрғын үйлерді пайдалануға беру 7., құрылыс қарқыны 5,2 пайызға артқан. Өндіріске салынған инвестиция көлемі де 6,6 пайызға өскен. Алайда салынған инвестицияның негізгі бөлігі сырттан емес, өндірісшілерді өз қаражаты екен. Ауылшаруашылығы өнімдері де соңғы екі айда былтырғы жылдың сәйкес мерзімінен 2,6 пайызға артқан. Мал басы да өсе түскен, соның ішінде қара мал 3,9., қой 4., жылқы саны 6,6 пайызға артыпты.
Отырысты облыс әкімі Қ.Ақсақалов қорытындылап, даму қарқынын төмендетпеу бойынша отырысқа тікелей қатысқандар мен онлайн режімінде тыңдап отырғандарға нақты тапсырмалар берді.
Солтүстік Қазақстан облысы