21 Тамыз, 2013

Таразда адам өлтірген жаттықтырушы 6 жылға кесілді

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Перчатки-1

Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық №6 бокс мектебінің бұрынғы жаттықтырушысы Данияр Үкібаев кісі өлтіргені үшін айыпталып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы «Nur rz» порталы хабарлады.

Тергеу амалдарының құжаттары бойынша анықталғандай, 2013 жылдың 12 тамызында өз үйінің маңындағы көшеден 4 және 6 жасар баласын жетектеп өтіп бара жатқан 32 жастағы Вячеслав Сычев деген азаматты Д.Үкібаев соққыға жығып, ауруханаға түсіреді. В.Сычев ауруханада 10 күндей есін жия алмай, көз жұмады.

Оқиғаның шығу себебіне тоқталсақ, автокөлік мінген Үкібаев өзіне жол бере қоймаған жаяу жүргінші – Сычевке машинасынан түскен бойда бірнеше рет жұдырық жұмсайды. Сондай-ақ, Үкібаевтың туысы, көлік ішінде болған Қайрат Шәмшиев те өзге жаяу жүргіншілерге күш көрсетеді. Жанжалдан кейін Үкібаев пен Шәмшиев оқиға орнынан іздерін суытады. Бірақ полиция қызметкерлері екеуін де сол күні қолға түсіреді.

Сычевтің өзін кінәлі етіп көрсетумен болған айыпталушылардың сөзіне тергеуші де, сот та көбірек сеніп, қателікке бой алдырған. Сол себепті, аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс бір жылдай уақытқа созылған.

Айыпталушылардың айтуынша, Сычев алкогольдік ішімдік ішіп алып, өздеріне шабуылдаған, содан кейін жол жиегіндегі бордюрге басымен құлаған. Алайда, медициналық тексеру кінәлілердің жаласын жоққа шығарды.

Нәтижесінде Д.Үкібаев 6 жылға, Қ.Шәмшиев 2 жылға түрмеге жабылды.

Жолдыбай Базаров.