Коронавирус • 13 Наурыз, 2020

Елордада коронавирус жұқтырған науқастың жағдайы белгілі болды

1879 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова брифинг барысында айтты.

Елордада коронавирус жұқтырған науқастың жағдайы белгілі болды

«Індет анықталған адам Милан-Нұр-Сұлтан-Мәскеу рейсінен түсірілген. Ол бірден ауруханаға жеткізілді. Қазір ол стационарда жатыр. Емдік шаралар қабылдауда. Денсаулығы қалыпты. Бұл рейсте 90 адам болған. Онымен байланыста болған адамдар анықталып жатыр», – деді С.Қисықова.

Оның айтуынша, аурудың басты белгілері - жоғары температура мен жөтел байқалса, үйде отырған жөн.

«Мұндай белгілермен медициналық мекемелерге бармауларыңызды сұраймыз. Оның орнына колл-орталыққа немесе жедел жәрдем қызметіне хабарласып, кеңес алыңыз. Кореяда жаңа инфекцияны жұқтырған науқастар емханаға келіп, тұтас клиникаларды қызметкерлерімен, кезек күткен адамдармен бірге карантинге жапқан оқиғалар болды. Бұл тәжірибе біздің де медициналық ұйымдарда қолданылады. Сондықтан, біздің кеңестерді қатаң ұстануды сұраймыз», - деді С. Қисықова.