Коронавирус • 14 Наурыз, 2020

Алматыда білім беру мекемелерінің жұмыс істеу форматы түсіндірілді

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы қалалық әкімдігінде білім беру мекемелерінің жұмыс істеу форматы түсіндірілді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пандемиясын жариялады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алматы қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекция жағдайы тіркелген жағдайда әрекет ету алгоритіміне сәйкес білім беру мекемелерінің жұмыс форматына өзгерістер енгізілді.

Алматыда білім беру мекемелерінің жұмыс істеу форматы түсіндірілді

Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін қосымша білім беру нысандарында (оқушылар үйі, музыкалық мектептер) білім беру процесін жүргізуге тыйым салынды. Сонымен қатар, балалардың орыны сақталады, ата-аналардан оқу ақысы алынбайды.

Жалпы, Алматыда 266 мектеп, 80 колледж бар. 16 наурыздан бастап мектептерде демалыс жарияланды. Оқушыларға демалыс кезінде экскурсияға баруға тыйым салынды. Колледж студенттері 16 наурыздан бастап қашықтан білім алуға көшеді.

Білім беру саласындағы қызметкерлер бойынша 3 санат анықталды:

1) әкімшілік-басқару қызметкерлері – басшы, орынбасарлар және техникалық қызметкерлер әдеттегі режимде жұмыс істейтін болады;

2) пән мұғалімдері – үйде отырып, қашықтан жұмыс істей алады. Бұл ретте олардың жалақысы толық көлемде сақталады;

3) ақылы еңбек демалысын рәсімдеуге тілек білдірген қызметкерлердің қалауы толық қанағаттандырылады.

 

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар