22 Тамыз, 2013

Қазақтың хан дойбысы

2702 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақтың хан дойбысы − ұлттық спорт түрінің бірі болып табылады. Аталмыш ойын түрінің елмізде дамуына үлес қосып жүрген Әнуар Қабдолдаұлы мен ұйым құрып, ойынға арнайы патент алуға себебін тигізген Қайрат Жақияұлы дейтін талдықорғандық азамат. Осындай ұлт өнеріне жанашыр адамдардың еселі еңбегінің арқасында бүгінде хан дойбысы Қазақ елімен қайта қауышты.

Қазақтың хан дойбысы − ұлттық спорт түрінің бірі болып табылады. Аталмыш ойын түрінің елмізде дамуына үлес қосып жүрген Әнуар Қабдолдаұлы мен ұйым құрып, ойынға арнайы патент алуға себебін тигізген Қайрат Жақияұлы дейтін талдықорғандық азамат. Осындай ұлт өнеріне жанашыр адамдардың еселі еңбегінің арқасында бүгінде хан дойбысы Қазақ елімен қайта қауышты.

Бұл ойынның тарихы тым тереңде жатыр. Айталық, Алматы облысы Есік қаласы маңынан табылған «Алтын адамға» қазба жұмыстарын жүргізу барысында хан дойбысының ойын тастары табылған. Киіз үй пішіндес тастар әртүрлі қазақы ою-өрнектермен нақышталып, пілдің сүйегінен жасалған екен. Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде ға­лымдар бұл тастардың қолданыста болған мерзімін Үйсін мемлекеті дәуірімен сәйкестендіріп отыр.

Хан дойбысы ойынының ерек­шелігі, мұнда Қазақ ханды­ғы­ның демократиялық билік жүйесі ойын түрінде көрсетілген. Жалпы, дойбы ойыны – адамзат ақыл ойының жемісі. Адам өзінің мақсат-мүд­десін іске асыру жолында төрт бұ­рышт­ы шағын торкөз тақта ішіне саяси көзқарастардың күресін салып қойған.

Қазақ ұғымында дойбы ойыны екіге бөлінеді. Текті және тексіз дойбы болып. Тексіз дойбы – өзіміздің күнде ойнап жүрген кәдімгі қарапайым ойын. Мұнда қай тас бірінші болып межеге жетсе, сол би бола алады. Дәл осы ойыннан қарап отырсаңыз, ешқандай да тектілік байқалмайды. Кім мықты болса, сол ел басқарады деген сөз. Ал, текті дойбы дегеніміз – хан дойбысы. Оның жеке ханы, биі, бегі, алаша халқы болады. Тентегі мен қарашасы тағы бар.

Әрқайсысының төрткөз тор тақтада әртүрлі атқарады. Олар қандай ерлік жасаса да, өз дәрежесінен бір елі ауытқымайды. Ханы – хан, биі би болып қала береді. Бұл ойынның тағы бір ғанибеті, хан тек өзінің қасқа жолымен ғана жүреді. Ол басқа жерде билігін жүргізе алмайды, тек ықпал ете алады. Ойынның жүріс-тұрысы да өзгеше. Ондағы жүрістер алға және екі жанына қарай бағытталады. Артқа қайтпайды. Былайша айтқанда, қазақтың «ер екі сөйлемейді» деген дәстүр заңын сақтайды.

Қазақта «алтау ала болса, ауыз­дағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген мақал бар. Төртеуміз түсінікті. Ал, алтау дегеніміз кім? Алтау ол – «Хан дойбысы» ойынының кейіпкерлері. Таратып айтар болсақ: хан, би, бек, алаш, тентек, қараша. Бұлар барлығы әркез басшысына құлақ асып, қилы-қыстау заманда бір жағадан – бас, бір жеңнен қол шығаруы керек. Қысқасы, алтауы ала болмауға тиіс.

Ойынға қатысушы екі адам ханның рөлін атқарады. Ал, хан болған соң, қол астында біршама халық болады, сондай-ақ жаулары да болатыны сөзсіз. Алдыңыздағы төрткөз тортақтаны ертедегі соғыс алаңы ретінде қарайсыз. Кімнің ақыл-айласы жоғары болса, саяси ақылы басым болса, сол адам жеңіске жететіндігі белгілі.

Хан дойбысы – білген адамға сыры мен қыры терең, құны өлшеусіз, философиялық мәні зор, болашағы баянды, ата-бабаларымыздан қалған таптырмас мол мұраның бірі болып саналады. Дойбының ең ғажайыбы оның кестесінде. Кесте – ою-өрнектермен нақышталған.

Ал тақтадағы ортақ фигура қазақтың киіз үйі. Киіз үйдің сыртындағы ою-өрнектері, шаңырағының түсі, олардың дәрежесі, нақтылай айтсақ, ханы мен қарашасын, би мен батырын анықтауға көмектеседі. Хан кестесі жеті қазына мен жеті ырыстан құралады. Онда төрт қанатты ою хан тағының белгісі. «Қарашасыз хан болмайды, құйрықсыз құс бол­майды», дегендей, ханның екі серігі болады. Оң жағында – сер­кесі, сол жағында қыран бүркіті.

Хан тағының оң жағына ел-жұрт орналасады. Олар билерден, бектерден, алаштардан құралады. Билер – кілең көк түсті, Бектері – кілең қызыл түсті, Алаштар – қара түсті болады. Ал ханның сол жағына телі-тентектер орналасады. Жалпы жиырма төрт үйден құралған екі хандық ақедік, көкедік болып ерсілі-қарсылы ойнайды. Қай жеңгені жалпақ дүниеге билік айтады.

Осы жерде ақедік хандығы жайлы қысқаша таныстырып өтейік. Хандықтың төбелі төрі болған хан тағымен ханның қара қасқа жолында төрт қан