22 Тамыз, 2013

Елордадағы ЭКСПО-Сити

283 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бұл – үшінші өнеркәсіптік дәуірдің бірінші қаласы

Қыркүйек айында Астана ЭКСПО-2017 көрме кешенінің ең үздік эскиз-идеясы, оның ішінде ЭКСПО-2017 нысанының символы анықталатын халық-аралық байқаудың қорытын-дысы шығарылады. Арнайы құрылған техникалық кеңес байқауға келіп түскен жобалар-дың ішінен ең үздік те маңызды он жобаны іріктеп алды. Енді осы жобалардың ішінен Астана ЭКСПО-2017 көрме кешенінің ең үздік эскиз-идеясының жеңімпазы анықталатын болады. Біз оқырмандарымызды халықаралық байқауға келіп түскен ондаған жобалардың ішінен іріктеліп алынған осы үздік эскиз-идеяларымен таныстыруды жөн көрдік.

Болашақ ЭКСПО-Сити орталығында Бәйтерек монументі және Назарбаев Университетімен бір бағытта орналасқан Қазақстан павильоны бар. Павильон дизайны «Заманауи киіз үйге» ұқсас жасалған. Бұл жоба дәстүрлі қазақ архитектурасының жаһандық өркениетке ұласқан заманауи келбетін паш етеді. Бұл эскиз-жобаның авторы – Адриан Смит бастаған АҚШ сәулетшілер тобы. Америкалық авторлар өздерінің негізгі ойын дәстүрлі киіз үйдің отбасы көлеміне ауқымдалған кішірек тұжырымдамасын бүкіл қоғам көлеміне жауап беретін үлкен заманауи киіз үйге ұластыра отырып беруге тырысады.

Жобаның сыртқы диагоналдық керегесі заманауи киіз үй құрылымының сыртқы көлемінің жиегі ретінде қызмет етеді. Киіз үйдің екі қабатты кереге жүйесі мұнда мекендеушілерді қоршаған ортадан оқшаулаумен қатар, оның табиғи энергиясын жинақтайды. Авторлардың көзқарасы бойынша, осы эскиз-жоба қазақтың ұлттық дәстүрлерін «Үшінші өнеркәсіптік революция» және «Болашақ энергиясы» принциптерімен байланыстырады. Павильон шеңберінде бірнеше амфитеатрлар, абаттандырылған саябақтар орналасқан. Қоғамдық пайдаланудағы ашық кеңістіктер, саябақтар мен гүлзарлар бірін-бірі толықтырады. Қазақстан Елтаңбасы негізіндегі заманауи киіз үйдің шаңырағы аспан аясындағы күмбез ретінде айналаға сәуле шашады. Авторлар идеясы бойынша, ЭКСПО-Сити – Үшінші өнеркәсіптік дәуірдің бірінші қаласы. Аталмыш эскиз-идеяның негізгі тұжырымдамасы бойынша ЭКСПО-Сити болашақ қалалардың үлгісі болумен қатар, ол жаңғыртылған энергия қуатын дамыту және тарату орталығы болмақ. Ал бұл заманауи технологияларды ашатын зертханалар болашақ ұрпақ игілігіне айналмақ.

Халықаралық байқауға келіп түскен екінші бір эскиз-идеяның жобасы «Бола­шақ әлемі» деп аталады. Эскиз-идеяның авторы – «Казгор» жобалау академиясы» ЖШС. Бұл жобаның негізіне Адам және Ғарыштың үздіксіз байланыс идеясы алынған. «Ұлы жарылыс» салдарынан пайда болған галактикалық элементтер аспан асты кеңістігіндегі тіршілік көзі болып табылады. Бұл жобаны жасаушылардың көзқарасы бойынша Қазақстан болашақта ғарыш энергиясын игеруде көшбасшы болуға тиіс. Авторлардың мәлімдеуінше, эскиз жобадағы «Гелио» немесе «Күн желкені» балама қуат көздерін ашатын болашақ Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы болмақ. Бұл орталық болашақта Жер биоқуатын сақтауда шешуші рөл ойнайды. Жобаның негізгі тұжырымы «Жаңғыртылған балама энергия» қуатының халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы» – ЭКСПО-2017 символына айналады.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Суреттерде: «Заманауи киізүй» және «Болашақ әлемі» эскиз-идеялардың жобасы.

Соңғы жаңалықтар

Кітап. Қоғам. Кітапхана

Мәдениет • Бүгін, 08:41

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Қоғам • Бүгін, 08:38

Менің Түгіскенім

Тарих • Бүгін, 08:36

Ақ Олимпиадалар қайда өтеді?

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 08:32