Спорт • 16 Наурыз, 2020

Фуркад спортпен қоштасты

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биатлоннан Олимпия ойындарының бес дүркін жеңімпазы, франциялық спортшы Мартен Фуркад Финлян­дияның Контиолахти қаласында мәресіне жеткен Әлем кубогының 8-кезеңінен кейін спорттық карьерасын аяқтағанын мәлімдеді.

Фуркад спортпен қоштасты

Биатлон спортында норвегиялық Уле Эйнар Бьорндаленнен кейінгі орында тұратын франциялық аңыз спортшы соңғы 10 жылда 83 жеке жарыста топ жарған. Ал жалпы 150 рет Әлем кубогында тұғырдың ең биік сатысынан көрінген. Сонымен қатар Фуркад Олимпия ойындарында 5 рет жеңіске жетіп, екі рет күміс жүлде иеленген. 2018 жылы Оңтүстік Кореяда өткен төрт жылдықтың басты додасында ол із кесу, масс-старт және аралас эстафетада алдына жан салмай, қатарынан үш рет алтын медаль олжалаған-ды. Бұдан бөлек, Мартен Фуркад Үлкен хрусталь глобустың 7, әлем чемпионатының 13 дүркін иегері.