Спорт • 16 Наурыз, 2020

Алты медаль жеңіп алды

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Харьков қаласында жүзуден Украи­наның лицензиялық ашық чемпионаты мәресіне жетті. Халықаралық жарыста Қазақстандық спортшылар алты медаль жеңіп алды, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

Алты медаль жеңіп алды

Әйелдер арасында 200 метрге шалқалай жүзуден Анастасия Резванцева екінші орын иеленді. Бұл бәсекедегі алтын және қола медальді украиналық спортшылар еншілеген. Ерлер арасындағы сында Глеб Коваленя қола жүлдегер атанды. Анастасия Резванцева мен Екатерина Болгарская 50 метрге шалқалап жүзуден тиісінше екінші және үшінші орынға табан тіреді. 200 метрге кешенді жүзуден Ксения Игнатова күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал Екатерина Болгарская 100 метрге шалқалап жүзуден үшінші сатыға табан тіреді.