Аймақтар • 16 Наурыз, 2020

Маңғыстау: Ардагер тергеушілер құрметке бөленді

529 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары тергеу қызметінің құрылғанына 57 жыл толуы қарсаңында Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Амангелді Досжановтың төрағалығымен ПД Тергеу басқармасының тергеушілері мен анықтаушылары осы салада көп жылдар бойы қызмет еткен ардагерлер ағаларымыз Қуандықов Жұмағали, Сарин Қайрат, Саулебаев Рашид, Нсанбаев Хайролламен кездесті. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстау: Ардагер тергеушілер құрметке бөленді

Бас қосудың мақсаты облысымыздың тергеу саласының дамуына зор үлес қосып, қызметкерлердің білімі мен кәсіби тәжірибесін арттыру жолында өздерінің еңбектерін аямай, барлық күш жігерін салған тергеу саласында қызмет еткен ардагер ағалармен тергеу саласының жас буынымен таныстыру, осы кісілерді үлгі тұтып, елімізге адал қызмет ете отырып, еңбекте жақсы нәтижелерге жетуге жол көрсету.

Сондықтан азаматтардың полицияға деген сенімі тек атқарған жұмыстардың нәтижелері бойынша ғана белгіленбейді, қызметкерлердің оларға деген көзқарасына, адамгершілік және өнеге қасиеттеріне, қызметтен тыс уақытта да көпшілік ортада өз-өзін ұстай білу, өзгелерге үлгі болатын қарым-қатынас жасай білуіне де байланысты.

Ардагерлер қызметтегі түрлі қиындығы мен ауырлығынан тұратын белестердің барлығынан өтіп, адал қызмет атқарып, ерен еңбектерінің арқасында халықтың игіліне бөленген.

А.Досжанов тергеу саласында қызмет еткен ардагерлерге өз тілегін айтып, сөз соңында Ішкі істер органдары тергеу қызметінің құрылғанына 57 жыл толуына орай Маңғыстау облысының тергеу құрылымдары жұмысының дамуына қосқан зор үлесі және үлкен ұйымдастырушылық шеберліктері мен қызметтік міндеттерін адал атқарған үшін Маңғыстау облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Ж.Бақтыбаевтың атынан «Алғыс хатпен» марапаттады.